руковод.клас.рук.pdf
Adobe Acrobat Document 449.0 KB
урок мира и согласия.pdf
Adobe Acrobat Document 317.5 KB
учимся толерантности.pdf
Adobe Acrobat Document 343.4 KB

2015-2016 оқу жылының басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 8 маусым, Астана қаласы

Жалпы білім беретін оқу орындарында

2015-2016 оқу жылының басталуы туралы

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес бұйырамын:

 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2015 — 2016 оқу жылының басталу мерзімі 2015 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз — 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

2. 2015 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілсін.

3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11548 болып енгізілді.

Обо мне

Учитель живёт до тех пор, пока он учится;

как только он перестаёт учиться, в нем умирает учитель.

                                                                                                                                                                              К.Д.Ушинский

  • 1982– 1988 год учитель немецкого и французского языков Жамбылская область Курдайский район Михайловская средняя школа,
  • 1988-2003- учитель немецкого языка Алматинская область Жамбылский район средняя школа села Мынбаева
  • 2003-2014 учитель английского языка Алматинская область Жамбылский район средняя школа села Мынбаева
  • Образование Алматинский Университет непрерывного образования, специальность учитель английского языка
  • Алматинский педагогический институт иностранных языков, французский, специальность учитель французского и немецкого языков 14 разряд, квалификация высшее грамоты имеются
  • сертификаты имеются
  • Дополнительное образование:
  • стажировка и курсы в Австрии , город Грац 2005 год, в Германии, город Швебиш Налл 2006 год, Китай, Пекин апрель 2012 год, Больцано,Италия Международный Конгресс учителей, Вена,Австрия, семинар,2013 год, международные курсы Бонн,Германия 2014 год. Cеминары Гете института в Алматы и Макмиллан, Университет Сулеймана Демиреля